«Мектепке жол» акциясы асында әлеуметтік қолдау көрсетілді



    • «Мектепке жол» акциясы асында әлеуметтік қолдау көрсетілді

      Университет кәсіподағының қолдауымен «Адал азамат» тақырыбындағы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.

      Акция аясында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

      Шараның басты мақсаты – балалардың жаңа оқу жылына қуанышпен қадам басуына жағдай жасау және әлеуметтік қолдау көрсету.

      Салтанатты кешті кәсіподақ төрағасы Ләззат Әділбекова ашты. Шара аясында ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Адамбек Татенов пен «Валеология және дене шынықтыру» кафедрасының құрметті ардагері, профессор Дина Абдықадырова құттықтау сөз сөйледі. Олар жас бүлдіршіндерге білім алудың маңызы туралы ойларын айтып, ақ тілектерін жеткізді.

      Акция аясында балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен сыйлықтар табысталып, ата-аналарына кәсіподақ тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар айтулы кеште Алматы қалалық классикалық би және балет мектептерінің өнерпаздары көрермендерге өз өнерін тарту етті.

      «Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылының жарқын бастамасына айналып, білім мен ізгілікке бастар жолды айқындады.

      Бөлісу: