Фольклортану ғылымына қосылған сүбелі үлес: Айгерим Ташекова PhD диссертациясын сәтті қорғады



    • Фольклортану ғылымына қосылған сүбелі үлес: Айгерим Ташекова PhD диссертациясын сәтті қорғады

      2025 жылдың 30 маусымында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша құрылған диссертациялық кеңесте «Торайғыров университеті» КеАҚ докторанты Ташекова Айгерим Тарбиновна «Бекмұрат Уахатов – фольклортанушы ғалым» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

      Отандық ғылыми кеңесшілер: Жусупов Нартай Куандыкович – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы.

      Шетелдік ғылыми кеңесші:Мингазова Ляйля Ихсановна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Татар әдебиеті кафедрасы, Қазақ Федералдық университеті, Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы.

      Диссертациялық кеңестің жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар да қатысты. Түркияның танымал ғалымы, PhD Адем Огер диссертациялық жұмысты жоғары бағалап, зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен өзектілігін ерекше атап өтті.

      Ресми рецензенттер – филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Матыжанов Кенжехан Слямжанович және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кажыбаева Гүлден Кеңесқызы диссертацияны терең талдап, зерттеуді ғылыми талаптарға толық сай, сапалы орындалған еңбек ретінде бағалады.

      Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: Adem Öger – PhD, профессор, Түркия Республикасы; Бейсенұлы Жақып – PhD, аға оқытушы, М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті; Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

      Диссертациялық кеңес мүшелері бірауыздан Ташекова Айгерим Тарбиновнаға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.

      Ташекова Айгерим Тарбиновнаның еңбегі алдағы уақытта ұлттық ғылымның жаңа көкжиектерін ашып, жас ғалымдарға үлгі боларына сеніміміз мол

      Бөлісу: