Психологиялық қолдау мен өзін күту – табысты білім алудың негізі



    • Психологиялық қолдау мен өзін күту – табысты білім алудың негізі

      2025 жылғы 28 мамырда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 2 курс студенттерімен Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Сара Мусина кездесу өткізді.

      Кездесу барысында маман психологиялық әл-ауқаттың студент өміріндегі маңызды рөліне тоқталды. Сара Мусина стресті басқару, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және оқу барысындағы күйзелістердің алдын алу бойынша нақты кеңестермен бөлісті.

      Сонымен қатар, ол менталды денсаулық пен дұрыс тамақтану арасындағы тығыз байланысты атап өтіп, бұл факторлардың болашақта сапалы әрі мағыналы өмір сүруге ықпал ететінін жеткізді.

      Кездесу студенттер үшін маңызды ақпарат пен пайдалы кеңестерге толы болды. Мұндай кездесулер студенттердің психологиялық мәдениетін көтеріп, болашақта тұлғалық дамуына оң әсер етеді.

      Бөлісу: