Ғылыми тіл: стратегиялық мәселелер мен шешу жолдары



    • Ғылыми тіл: стратегиялық мәселелер мен шешу жолдары

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бірлесуімен «Ғылыми тіл: стратегиялық мәселелер мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңес өтті.

      Семинарға жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, салалық сарапшылар қатысты. Шара барысында ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, диссертациялық зерттеулер мен ғылыми жобаларда, сондай-ақ құжат айналымында қазақ тілінің үлесін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен алмасып, ғылыми терминологияны жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

      Іс-шара қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды. Мемлекеттік тілдің ғылыми қолданысын кеңейту — ұлттық болмысты сақтаудың, білім мен ғылымда бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты тетіктерінің бірі екені айтылды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ғылым мен білім саласында қазақ тілінің беделін арттыруға ықпал етпек.

       

       

      Бөлісу: