Халықаралық тәжірибе алмасу: профессор Тимур Вуралдың музыка саласындағы қонақ дәрістері



    • Халықаралық тәжірибе алмасу: профессор Тимур Вуралдың музыка саласындағы қонақ дәрістері

      26 мамыр күні университетімізде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Музыка кафедрасының ұйымдастыруымен Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті жанындағы Түрік музыкасы мемлекеттік консерваториясының профессоры, дирижер, пианист, PhD доктор Тимур Вурал академиялық ұтқырлық аясында алғашқы қонақ дәрісін өткізді.

      Кездесу барысында профессор Тимур Вурал университетіміздің қыздар хорымен шығармашылық жұмыс жүргізіп, «Дирижерлау» және негізгі аспап — «Фортепиано» пәндеріне қатысты әсерлі шеберлік сабағын ұсынды. Бұдан бөлек, кафедра оқытушылары үшін ғылыми семинар ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұл бастама 31 мамырға дейін жалғасады.

      Мұндай кездесулер студенттер мен оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, түрлі мәдениеттер тоғысында шығармашылық байланыстардың қалыптасуына жол ашады.

      Бұл — болашақ музыка мамандары үшін зор мүмкіндік әрі университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделін көтеретін маңызды қадам.

       

       

      Бөлісу: