Профилактикалық скрининг
-
30 сәуір, 2025
«Ғылым айы» аясында Жаратылыстану институтының Биология кафедрасының ұйымдастыруымен университет қызметкерлеріне арналған «Профилактикалық скрининг» өткізілді. Іс-шара университет қызметкерлерінің денсаулығын бақылау және аурулардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылды.
Скрининг барысында қатысушылардың жалпы денсаулық көрсеткіштері жан-жақты тексеріліп, артериялық қан қысымы, қандағы оттегі мөлшері (сатурация), білек бұлшықетінің күші, өкпенің тіршілік сыйымдылығы және антропометриялық мәліметтер (бой, салмақ, дене салмағының индексі және т.б.) анықталды. Тексерулер кәсіби мамандар тарапынан жоғары деңгейде жүргізіліп, қатысушыларға бастапқы медициналық кеңес берілді.
Профилактикалық скринингке университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді түрде қатысты. Шара ұжым мүшелерінің денсаулықтарына назар аударуына, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған маңызды қадам болды.
Аталған скринингтік тексерулер университет қызметкерлерінің жұмыс қабілеттілігін арттырумен қатар, жұқпалы емес созылмалы ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Бөлісу: