Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тенденциялар: теория мен практикадағы инновациялар



    • Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тенденциялар: теория мен практикадағы инновациялар

      Педагогика және психология институтының Арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тенденциялар: теория мен практикадағы инновациялар» тақырыбында онлайн форматта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

      Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы өзекті мәселелер мен трендтерді, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін білім беру практикасына интеграциялау жолдарын талқылау мақсатында диалог алаңын құру — шараның басты мақсаты.

      Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының спикерлері қатысып, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.

      Пленарлық отырыстан кейін конференция екі секция бойынша жалғасты. Бұл секцияларда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің, Қызылорда педагогикалық университетінің оқытушылары, арнайы педагогтарды тәжірибелік бағытта даярлайтын арнайы мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысып, ашық талқылау алаңы құрылды.

      Сондай-ақ конференция барысында арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылып, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысы талқыланды. 

      Бұл шара арнайы педагогика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Конференцияның қорытындысы бойынша барлық баяндамалар мен мақалалар ғылыми жинаққа енгізілетін болады.

      Бөлісу: