Туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағартушылық кездесу
-
18 сәуір, 2025
18 сәуір күні Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының фтизиатр-дәрігері Шарапова Алия Шараповна, сондай-ақ Алмалы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Калибекова Алмагүл Бимуратқызы мен Ахметова Амина Дүйсебекқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуді университет жанындағы Менталды денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге туберкулездің алдын алу, ерте диагностика және қауіп факторлары туралы ақпарат беру, аурудың белгілерін тану, инфекцияның таралу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттау.
Кездесу барысында мамандар туберкулездің қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, студенттер арасында анықталған жағдайлар және жүргізіліп жатқан санитарлық-профилактикалық шаралар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылар флюорографиялық тексерістің маңыздылығы, иммунитетті нығайту жолдары және аурудың әлеуметтік аспектілері туралы сұрақтарына жауап алды.
Бөлісу: