Педагог-көшбасшы: кәсіби дамудың негізі
-
17 сәуір, 2025
Білім ордамызда бітіруші курс білім алушыларына арналған «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында «Педагог-көшбасшы: кәсіби дамудың негізі» тақырыбында кездесу өтті.
Бұл жолғы кездесудің құрметті қонағы — №176 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Төлегенов Абылай Көпбергенұлы болды.
Болашақ педагогтардың кәсіби даму жолдарын талқылап, педагогика саласындағы көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – шараның басты мақсаты.
Кездесу барысында педагог-көшбасшы болу жолында кездесетін қиындықтар мен мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіби өсу мен мансап құрудың өзекті аспектілері қарастырылды. Қатысушылар білім беру саласындағы қазіргі тенденциялар мен инновациялар туралы пікір алмасты, педагогикалық дағдылар мен психологиялық дайындықтың маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар жастардың кәсіби мансап жолында кездесетін кедергілер мен оларды жеңу жолдары жөнінде сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасты. Семинар жас мамандарға кәсіби даму бағытында жаңа көзқарас қалыптастыруға және болашақта өз мансабында табысқа жету үшін қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.
Бөлісу: