Постколониялық контекстегі тіл және бірегейлік: әлеуметтік-лингвистикалық талдау
-
16 сәуір, 2025
Бүгін Филология институты Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасының ұйымдастыруымен QyzPU студенттері, магистранттары және докторанттарына арналған «Постколониялық контекстегі тіл және бірегейлік: әлеуметтік-лингвистикалық талдау» атты дәріс өтті.
Дәрісті Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Омарбекова Гүлнар Әбілдаевна жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – постколониялық дәуірдегі тіл мен ұлттық бірегейлік мәселелерін әлеуметтік-лингвистикалық тұрғыдан қарастыру, сондай-ақ тілдік саясат пен мәдени ықпалдардың қоғамдағы рөліне терең талдау жасау.
Дәріс барысында қатысушылар постколониялық елдердегі тілдік ахуалға қатысты өзекті ғылыми көзқарастармен танысып, бұл саладағы заманауи зерттеулер мен тұжырымдар жөнінде мол мағлұмат алды. Ғылыми талдаулар мен практикалық мысалдар арқылы тыңдаушылар тілдің тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен сана-сезімнің ажырамас бөлігі екенін ұғынды.
Дәріс қатысушыларға постколониялық кезеңдегі тіл мен ұлттық бірегейліктің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың сыни ойлау қабілетін арттырып, тілдік сананың маңыздылығын жаңа қырынан түсінуге ықпал етеді.
Бөлісу: