Careers in English Language Teaching: Insights and Opportunities
-
16 сәуір, 2025
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының Қоғамдық дипломатия бөлімі мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесіп, «Careers in English Language Teaching: Insights and Opportunities» атты аутрич-шара ұйымдастырды.
Мақсаты – ағылшын тілі мамандығының 3 және 4 курс студенттеріне кәсіби даму, білім алу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсыну.
Іс-шара барысында мектептерде ағылшын тілін оқыту тәжірибесі, сондай-ақ АҚШ миссиясының кәсіби даму бағдарламалары жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар үшін сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.
Жиында Қоғамдық істер жөніндегі офицердің көмекшісі Дежи Холмс, Fulbright TEA бағдарламасының түлегі, ағылшын тілі мұғалімі Бану Аманжолова және ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі қатысып, кәсіби бағыттағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.
Бұл кездесу ағылшын тілі мамандығында білім алып жатқан студенттерге кәсіби болашақтарын айқындауға, халықаралық бағдарламалар туралы жан-жақты мағлұмат алуға және тәжірибелі мамандармен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай аутрич-шаралар болашақ тіл мамандарының кәсіби дамуына серпін беріп, олардың халықаралық білім кеңістігіне қадам басуына жол ашады.
Бөлісу: