Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі



    • Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі

      Бүгін Менталды денсаулықты дамыту орталығының психотерапевті «Ішкі тыныштық – мықты тұлғаның негізі» атты ақпараттық-түсіндірмелік кездесу өткізді. Шара студенттердің психикалық саулығын қолдауға бағытталды.

      Кездесудің мақсаты – студенттердің эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу, сондай-ақ өзін-өзі тану мен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.

      Психотерапевт жастармен ішкі жан дүниеге үңілу, эмоциялармен дұрыс жұмыс істеу, өмірлік қиындықтарға психологиялық төзімділік таныту туралы жан-жақты ой бөлісті.

      Іс-шара интерактивті форматта өтті. Студенттер маманға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Кездесу барысында түрлі психологиялық жаттығулар жасалып, қатысушылардың өзін-өзі түсіну қабілеттері арта түсті.

      Кездесудің негізгі түйіні – менталдық саулық табысты өмірдің негізі, ал ішкі тепе-теңдікке қол жеткізу әр адамның өз қолында.

      Бөлісу: