Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
-
14 сәуір, 2025
Бүгін QyzPU-да Менталды денсаулықты дамыту орталығының диетологы студенттерге арналған «Өмір сапасы – өз қолыңда» атты интерактивті форматтағы ақпараттық-танымдық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, артық салмақ пен тағамдық бұзылыстардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Диетолог маман студенттерге күнделікті тамақтану тәртібінің ағзаға әсері, фастфуд пен энергетикалық сусындардың зияны, артық тұз бен қант тұтынудың кері әсері туралы жан-жақты мәлімет беріп, пайдалы кеңестер ұсынды.
Шара соңында студенттер кәсіби маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстар мен жеке кеңестер алды.
Бөлісу: