Қаржылық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі



    • Қаржылық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі

      Бүгін Алматы қаласы бойыншы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел басқарма басшысы, ЭТҚ подполковнигі Куттуков Жаксылық Бауыржанович, Жедел басқарма жедел уәкілі, ЭТҚ аға лейтенанты Артықбай Жасдәуір Үмбетұлы, QyzPU студенттермен кездесіп, жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырды.

      Іс-шара барысында сарапшылар студенттерге қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері және олардан қорғану жолдары туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар интернет және мобильді банкинг арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрлері мен олардан сақтану тәсілдері жан-жақты түсіндірілді.

      Семинар практикалық жаттығулармен қатар, интерактивті форматта өтті. Қатысушылар нақты өмірден алынған мысалдар бойынша өз пікірлерін айтып, мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы жауаптар алды.

      Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар жастар арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

      Бөлісу: