Педагогика ғылымдарының кандидаты Мария Базкенқызының 75 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми семинар өтті



    • Педагогика ғылымдарының кандидаты Мария Базкенқызының 75 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми семинар өтті

      Бүгін университетімізде Физика, математика және цифрлық технологиялар институты мен Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Дәуірлер тоғысындағы кітапхана: кітап сөрелерінен цифрлық көкжиектерге» тақырыбында Республикалық ғылыми семинар өтті.

      Іс-шара педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, кітапхана ісінің ардагері Мукашева Мария Базкенқызының 75 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Ұстаз Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасында кітапхана ісі саласында 50 жылдан астам педагогикалық және қоғамдық қызмет атқарып келеді.

      Республикалық ғылыми семинар аясында кітапхана ісінің даму тенденциялары, заманауи кітапханашыға қойылатын талаптар мен дағдылар, жоғары оқу орындары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын академиялық ортада қалыптастыру және ілгерілету тәжірибесі мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар кітапхана ісі мамандығындағы кәсіби білімнің өзекті мәселелері қарастырылды.

      Кездесу барысында қатысушылар кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ой-пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, стейкхолдерлерден кері байланыс алды.

      Студенттер мен қатысушылар ұстазға жүрекжарды тілектерін айтып, өлең шумақтарын арнады. «Ұстазым» әнін шырқап, мерейтой иесін қуаныш көз жасына бөледі.

      «Менің 75 жасқа толуыма орай Республикалық ғылыми семинар өтті. Өте  қуаныштымын! Себебі менің өмір жолымды, еңбегімді әріптестерім мен студенттерім өз сөздерінде кеңінен ашып берді. Баршаңызға айтар алғысым шексіз!»  —  деді ардагер ұстаз.

      Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мария Базкенқызы Мукашеваның 75 жылдық мерейтойына арналған семинар кәсіби білім мен тәжірибе алмасуды нығайтуға зор үлес қосты.

       

      Бөлісу: