QyzPU Cup шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды



    • QyzPU Cup шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

      Бүгін университетімізде Қазақстан шахмат федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен QyzPU Cup шахмат турнирі өтті. Сайыста университетіміздің түрлі факультеттерінен 33 студент бақ сынасты.

      Турнирдің мақсаты – университет студенттері арасында шахматты насихаттау және «Шахмат педагогы» minor бағдарламасын дамыту. 2025-2026 оқу жылынан бастап университетте барлық мамандықтардың студенттері үшін Федерация әдіскерлерімен әзірленген «Шахмат педагогы» майнор бағдарламасы енгізілетін болады. Нәтижесінде, болашақ мұғалімдер өз пәндерімен қоса, шахматты да балаларға үйрете алады.

      Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды (50.000 теңге) «Математика» білім беру бағдарламасының  2 курс студенті Ақан Мадина, ІІ орынды (70.000 теңге) «Математика-информатика» білім беру бағдарламасының 1  курс студенті Ордабекова Диана, І орынды (100.000 теңге) «Ғылыми физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Аяулым Шинбури иеленді.

      QyzPU Cup шахмат турнирінің жеңімпаздарын айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!

       

      Бөлісу: