QYZPU ӘЗІРБАЙЖАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ



    • QYZPU ӘЗІРБАЙЖАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

      Қазақстан мен Әзірбайжан жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Осыған орай, екі мемлекет арасында үкіметаралық кездесу өтті. Кездесу барысында бірқатар келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде бірнеше меморандумға қол қойылды.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің делегациясы Басқарма Төрағасы-Ректор Гүлмира Қанайдың басшылығымен Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ректоры  Джафар Джафаров, Оқу мәселелері жөніндегі проректоры Эльдар Асланов және Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Гюнай Магеррамовамен кездесті.

      Кездесу барысында тараптар арасындағы өзара тиімді қатынастарды нығайту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.

      Бұл меморандум екі университет арасындағы серіктестікті нығайтып, білім алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге тілдік және мәдени тәжірибе жинақтауға жол ашып, олардың кәсіби және академиялық дамуына оң ықпал ететін маңызды қадам болмақ.

       

      Бөлісу: