QyzPU-да Сассекс университетінің профессорымен кездесу өтті



    • QyzPU-да Сассекс университетінің профессорымен кездесу өтті

      Педагогика және психология институтының, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасында University of Sussex-тің білім беру және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ассистент-профессоры, бастауыш білім беру мамандығы бойынша маманы Marcelo Staricoff-тың профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және магистранттармен кездесуі өтті.  

      Кездесу барысында Marcelo Staricoff Алматы қаласындағы КМҚК «№187 бөбекжай-балабақшасын» аралап, балабақша меңгерушісі Фарида Омарбекова Кызырхановна балабақша қызметімен, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің ойын түрінде өткізілу ерекшеліктерімен және авторлық бағдарлама негізінде жүзеге асырылатын ұлттық құндылықтармен таныстырды.

      Іс-шарада кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар профессордың «The Joy of Not Knowing» еңбегімен танысты. Бұл еңбекте «Кейде біз бір нәрсені білмегенімізде ыңғайсыздықты сезінеміз, оны мойындаудан қорқамыз, бұл өз кезегінде бізді сенімсіз етеді. Алайда, білмеген нәрседен қуаныш сезіну, бізге жаңа нәрселерді үйренуге деген ұмтылыс пен танымға жол ашады…» деген ой айтылады. Кездесу нәтижесінде біз білмеуге деген стереотиптерді қайта ойластырып, жаңа философияны қабылдауға мүмкіндік алдық.  

      Профессор Marcelo Staricoff-қа бізге құнды ұсыныстар бергені үшін алғыс айтамыз және болашақта бірлескен жұмыстарымызға үміт артамыз!

       

       

       

      Бөлісу: