QyzPU-да Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Аян Екремнің дәріс-семинары өтті



    • QyzPU-да Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Аян Екремнің дәріс-семинары өтті

      Бүгін Түркия Республикасының Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, PhD Аян Екрем «Ethics, Plagiarism and Scopus Journals in Turkey» тақырыбында дәріс-семинар өткізді.

      Іс-шараға университетіміздің магистранттары мен докторанттары қатысты.

      Кездесу барысында қатысушылар ғылыми жұмыс жазудағы қазіргі талаптар, академиялық адалдық пен плагиаттың алдын алу мәселелері, сондай-ақ халықаралық Scopus базасына енген журналдарда мақала дайындау және жариялау бойынша Түркия тәжірибесіне негізделген ақпараттық-танымдық кеңестер алды.

      Бұл дәріс-семинар ғылыми зерттеулер жүргізуде маңызды дағдыларды игеруге, академиялық адалдықты сақтауға, плагиаттың алдын алуға және Scopus базасында жарияланатын ғылыми мақалаларды әзірлеу бойынша тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік берді.

      Профессор Аян Екремнің «Ethics, Plagiarism and Scopus Journals in Turkey» тақырыбындағы дәріс-семинары университетіміздің жас ғалымдары үшін ғылыми зерттеулерде академиялық адалдықты сақтау және халықаралық деңгейде жариялану бойынша құнды тәжірибе алмасу алаңы болды.

       Бұл іс-шара магистранттар мен докторанттарға ғылыми жұмыстарын жоғары стандарттарға сай орындауға және болашақта Scopus базасындағы журналдарда табысты жариялануға бағыт-бағдар берді.

       

      Бөлісу: