Студенттердің жеке дамуына арналған мотивациялық Workshop



    • Студенттердің жеке дамуына арналған мотивациялық Workshop

      13 ақпан күні Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Кусайнова Маншук Аскаровна белсенді студенттерге арналған Workshop ұйымдастырды.

      Іс-шара барысында студенттер білім мен тәжірибені тиімді қолданудың әртүрлі әдістерін меңгеріп, белгілі бір дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды. Workshop барысында қолданылған құралдар мен форматтар арқылы олар болашаққа нақты мақсаттар қойып, осы әдістерді күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдарын үйренді.

      Жеке өсу стратегиясын жоспарлау мақсатында Workshop-та «Өмірлік тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі қолданылды. Бұл әдіс студенттерге өз даму бағытын айқындауға, «Менің идеалды өміріме жақындау үшін дәл қазір не істеуім керек?» немесе «Мен өз мамандығымды дұрыс таңдадым ба?» сияқты маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесті.

      Workshop барысында студенттер өздерінің қазіргі жағдайын («А» нүктесін) сараптап, қалаған мақсаттарына («В» нүктесіне) жету үшін дұрыс қадамдар жасауды үйренді. Бұл әдіс тек кәсіби саланы дамытуға ғана емес, сонымен қатар жеке өмірде — ата-ана, жар немесе дос ретінде қалыптасуға да септігін тигізді.

      «Өмірлік тепе-теңдік дөңгелегін» пайдалану студенттерге өмірдің барлық маңызды аспектілерінде саналы түрде даму үшін тиімді құрал болды. Бұл әдіс олардың болашақтағы өз бейнелерін нақты елестетіп, жүйелі түрде дұрыс бағытта қадам жасауына ықпал етті.

       

      Бөлісу: