QyzPU-да «Сәттілік жолындағы мақсаттар мен жоспарлар» атты мотивациялық тренинг өтті



    • QyzPU-да «Сәттілік жолындағы мақсаттар мен жоспарлар» атты мотивациялық тренинг өтті

      3 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Кәмшат Қарабекқызы «Сәттілік жолындағы мақсаттар мен жоспарлар» атты мотивациялық тренинг өткізді.

      Мақсатқа жету үшін ішкі мотивацияны күшейту, студенттердің өзіне деген сенімін арттыру және күйзелісті басқаруға көмектесу мақсатында өткен шараға 1 курс студенттері қатысты. Негізгі бағыты – емтихан алдында студенттерге психологиялық қолдау көрсету.

      Іс-шарада студенттер  уақытты басқару мен жоспарлау, дұрыс күн тәртібін құру және «Smart» әдісі бойынша мақсаттарды нақтылау әдісін үйренді.

      Сонымен қатар мотивациялық тренинг аясында қатысушылар күйзелісті жеңу үшін медитация мен демалу жаттығуларын жасады.

      Шарада студенттерге өмірдегі ең маңызды нәрсе – қазір қол жеткізген жетістіктерден шабыт алып, жаңа биіктерге ұмтылу екені айтылды және Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Кәмшат Қарабекқызы студенттерге ізгі тілегін жеткізді. «Бүгінгі тренинг – мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін алғашқы қадам болсын. Баршаңызға алдағы емтихандарда және өмірде сәттілік тілеймін!»,-деді коуч-психолог Кәмшат Қарабекқызы.

      Мотивациялық тренинг соңында студенттер ішкі эмоцияларымен бөлісіп, Кәмшат Қарабекқызына пайдалы кеңестері үшін алғыс айтты.

      Айта кетейік, аталмыш тренинг 3-6 желтоқсан күндеріне жоспарланған және білім алушылардың өз еріктерімен қатысу мүмкіндіктері бар.

       

       

      Бөлісу: