Латвия университетінің PhD докторы Сергей Пискунов ғылыми семинар өткізді
-
28 қараша, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде PhD, Латвия университеті, Қатты денелер физикасы институтының жетекші ғылыми қызметкері Пискунов Сергей «Судың фотокаталитикалық ыдырауы мысалында физикадағы кванттық химиялық әдістерін модельдеу» тақырыбында физика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және магистранттары мен докторанттарына ғылыми семинар өткізді.
Пискунов Сергей PhD, Латвия университеті Қатты денелер физикасы институтының қатты денелердің электронды құрылымын компьютерлік модельдеу зертханасының меңгерушісі және аға ғылыми қызметкер.
Рига авиациялық университетін (Латвия) инженер-ғалым мамандығы бойынша 1998 жылы бітірген. 2003 жылы Оснабрюк университетінде (Германия) жаратылыстану ғылымдары бойынша докторлық дәрежесін алды. 2004 жылдан бастап Қатты дене физикасы институтында жұмыс істейді.
Ол жоғары рефератталатын журналдарда 100-ге жуық мақаланың авторы. Дәйексөз индексі - 2326. Н-индексі - 27.
Сондай-ақ, С.Пискунов Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, физика кафедрасының студенттері, магистранттарына, докторанттарға және жас ғалымдарға «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғары рецензияланатын журналдарға мақала әзірлеу» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Бөлісу: