Менталды денсаулық – басты назарда



    • Менталды денсаулық – басты назарда

      Алматы қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша Тұлға қалыптастыру департаментінің Менталды денсаулықты дамыту орталығы Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты №127 және №15 білім беру мекемелерінің мектеп директорлары, психологтары мен мұғалімдері үшін профилактикалық кездесу өткізді.

      Іс-шара педагогтар мен психологтардың балалардың психологиялық денсаулығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдерде туындауы мүмкін стресстің, эмоционалдық күйіп қалудың және басқа да психоэмоционалды проблемалардың алдын алу әдістерін үйретуге бағытталды.

      Кездесу барысында Менталды денсаулықты дамыту орталығының сарапшылары, психология ғылымдарының докторы, профессор, психотерапевт Раушан Бейдәліқызы Кәрімова және коуч-психолог, әлеуметтік ғылымдар магистрі Сара Сманқызы Мусина келесі тақырыптар бойынша дәрістер мен тренингтер өткізді:

      • Заманауи мектеп білім беру жүйесіндегі нейропедагогика және нейропсихология;
      • Әртүрлі психоэмоционалды ерекшеліктері бар балалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамыту;
      • Психоэмоционалдық білім беруді қолдау әдістері;
      • Білім беру үдерісіндегі әл-ауқатты қамтамасыз ету;
      • Мұғалімдердегі стресс пен эмоционалдық күйіп қалудың алдын алу.

      Кездесу қатысушыларға білім беру процесінде психоэмоционалдық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын түсінуге және кәсіби қызметінде тиімді тәсілдерді қолдануға бағытталған тәжірибе берді.

      Бөлісу: