QyzPU-да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарынаарналған оқыту семинары өтті



    • QyzPU-да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарынаарналған оқыту семинары өтті

      8 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарына арналған оқыту семинары сәтті өтті. 

      Семинар Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іс-қимыл жоспарының 52-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Уикипедияға ғылыми және энциклопедиялық мақалал, жарияланымдар мен деректер енгізу тәсілдерін түсіндіруге бағытталды.

      Жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясатын іске асыру басқармасының бас сарапшысы Алшынова Гүлзия Сәкенқызы ашты.

      Шара барысында Уикипедияның әкімшілері Әлімжан Батырбек және Мұхамеджанов Амангелді Уикипедия платформасында мақалалар енгізудің және өңдеудің негізгі қағидаларымен таныстырды. Қатысушылар өздерінің ғылымизерттеулері мен білімдерін көпшілікке қолжетімдіетуге арналған тәсілдермен, мақала жазу мен орналастырудың талаптарымен тереңіректанысып, құнды ақпарат алды.

      Семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті, Абай атындағы Қазақұлттық педагогика университеті, Қ.И. Сәтбаеватындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіжәне басқа да ЖОО мен Ә.Х. Марғұлан атындағыАрхеология институты, А. Байтұрсынұлыатындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары белсендітүрде қатысты.

      Бұл іс-шара Уикипедияда қазақ тіліндегіғылыми контентті көбейтіп, оны дамытудыңалғашқы қадамдарының бірі болып табылады. Министрлік алдағы уақытта да отандықғалымдардың зерттеу нәтижелерін қоғамменбөлісуді қолдау және Қазақстанның ғылымиконтентін халықаралық деңгейде кеңінентанымал ету бойынша жұмыстарынжалғастыруды жоспарлап отыр.

      Бөлісу: