Білім берудің қазіргі жағдайындағы функционалдық сауаттылық мәселесі
-
07 қараша, 2024
6 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Білім берудің қазіргі жағдайындағы функционалдық сауаттылық мәселесі» тақырыбында мәжіліс өтті.
Кезекті отырыс Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді және Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау бағыттары бойынша өткізілді.
Негізгі мақсаты – болашақ мамандарды даярлаудың заманауи форсайттық әдістерін қолдану және біліктілік талаптарын анықтау, сондай-ақ мамандардың жаңа буынын және кадрларды даярлау жүйесінде функционалдық сауаттылықты дамыту.
Отырысқа ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төраға орынбасары Мелдебекова Майра Турганбаевна, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы, Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО» өкілдері, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ) Доктор Нэнси Ромиг, білім беру ұйымдарының жетекшілері, ғалымдар мен жоғары оқу орынның профессор-оқытушылары, жұмыс берушілер қатысты.
Бөлісу: