АҚШ-тан келген оқытушы Нэнси Линдбергтің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
23 қазан, 2024
22 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 30-дан аса студенттер мен оқытушылардың қатысуымен интерактивті кездесу және дөңгелек үстел өтті. АҚШ-тан алмасу бағдарламасымен келген оқытушыны таныстыру мақсатында өткен іс-шараны Университеттің Академиялық жазу және тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды.
Нэнси АҚШ-тың Вермонт штатынан келген. Екінші жыл қатарынан ағылшын тілі маманы болып жұмыс істейді. Өткен жылы Түркістандағы Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет атқарса, биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қызмет етуде.
Кездесу барысында студенттер мен оқытушыларға Нэнси Линдбергпен жақынырақ танысуға, сондай-ақ оның биылғы оқу жылында университетке ұсынатын бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік берді. Ол бакалавриат деңгейінде ағылшын тілі сабақтарын өткізумен қатар, магистранттар мен докторанттарға арналған академиялық жазу бойынша семинарлар, қазіргі және болашақ мұғалімдерге кәсіби даму бойынша тренингтер, сондай-ақ әңгімелесу клубтарын ұйымдастыратын болады.
Академиялық жазу орталығының ұйымдастырушылары іс-шараға қатысушыларға шай, кофе және тәттілер ұсынып, жайлы әрі ашық атмосфера орнатты. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін таныстырып, кәсіби және академиялық қызығушылықтары мен мақсаттары туралы ақпаратпен бөлісті.
Нэнси өз сөзінде: «Университет қауымдастығының жылы қарсы алғаны мені қатты қуантты. Алдағы оқу жылы академиялық белсенділікке, мәдени алмасуға және жаңа достықтарға толы болады деп үміттенемін», – деп атап өтті.
Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Академиялық Жазу Орталығының бағдарламалары, сондай-ақ ағылшын тілі маманы Нэнси Линдберг ұйымдастыратын іс-шаралар туралы қосымша ақпарат алу үшін, Орталық директоры Гүлшат Шайкеноваға немесе жобалар менеджері Венера Аханға хабарласуыңызға болады. Байланыс номері: +707 727 82 37; +7 708 534 3447.
Бөлісу: