Үздік студенттік топ анықталды



    • Үздік студенттік топ анықталды

      14 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ең үздік студенттік топ» сайысы өтті.

      Байқаудың басты мақсаты – студенттер арасында үздіктерді анықтау, оларды қоғамдық мәні бар іске араластыру, түрлі жобаларда деңгейін көтеру.

      Сайыста жалпы саны 5 команда өзара бақ сынасты. Жарыс екі кезеңнен тұрды: таныстыру және әлеуметтік жоба әзірлеу.

       5 ұпайлық шкаламен бағалау нәтижесі бойынша: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс 303 тобы – III орын, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс 202 топ –  II орын, «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері I орынды иеленді.  Ал  «Мәдени тынығу жұмысы» мен «Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне арнайы сертификаттар табысталды.

       

      Бөлісу: