Мичиган Мемлекеттік университетінің профессорлары QyzPU-да дәрістер легін бастады



    • Мичиган Мемлекеттік университетінің профессорлары  QyzPU-да дәрістер легін бастады

      14 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  Мичиган Мемлекеттік университетінің профессорлары доктор БетсЭнн Смит және доктор Нэнси А. Ромиг магистранттар мен профессор-оқытушыларға арналған дәрістерін бастады.

      Профессорлар QyzPU-ға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғылымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде арнайы шақыртылған. Олар алдағы уақытта магистранттарға зерттеу жұмысының құрылымы мен методологиясына қатысты сессиялар жүргізіп, профессор-оқытушылармен   бірлескен ғылыми жоба жасайды. Сондай-ақ өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми жұмыстар мен зерттеулерге кеңінен қолдау көрсетеді.

      «Бүгін Мичиган Мемлекеттік университетінен профессорлар келіп, бізге алғашқы дәрістерін жүргізді. Дәрісте зерттеу процессі қалай жүретінін меңгеріп, жұмыс барысында кездесетін кедергілерді талқыладық. Бұл кездесуден түйгенім көп болды»,-дейді «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Аяжан Азатбек.

       

      Бөлісу: