Дұрыс тамақтанудың негіздері



    • Дұрыс тамақтанудың негіздері

      14 қазанында Менталды денсаулықты дамыту орталығының диетологы Алмагүл Ержекенова Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының студенттерімен «Дұрыс тамақтанудың негіздері» тақырыбында кездесу өткізді.

      Кездесу барысында маман дұрыс тамақтанудың ережелері мен қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, оның денсаулықты және жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін, әсіресе оқу кезінде, маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар дұрыс тамақтанбаудың зиянына тоқталып, оның салдары жүрек-қан тамырлары аурулары, гормоналды бұзылулар және ас қорыту жүйесінің бұзылыстары сияқты ауыр сырқаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

      Диетолог сондай-ақ ағзаның күнделікті қажеттіліктерін қалай дұрыс қанағаттандыру керектігін түсіндіріп, жоғары белсенділік пен денсаулықты сақтау үшін қандай заттар қажет екенін айтып берді. Дұрыс тамақтану – сәтті оқу кепілі ғана емес, болашақта денсаулықтың кепілі екенін де атап өтті.

      Диетологтың айтуынша, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану студенттердің иммунитетін нығайтуға және жалпы әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.

       

      Бөлісу: