Студенттерге грант табысталды



    • Студенттерге грант табысталды

      11 қазан күні көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Күләш Құнантаева атындағы білім гранты үлгерімі үздік және қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 студентіне салтанатты түрде табысталды.

      2024 жылы 8 тамызда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен  «Almaty Clinic» орталығы арасында студенттерге медициналық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалды.

      Әлеуметтік жауапкершілік аясында «Almaty Clinic» студенттерге демеушілік көмек көрсетуде. QyzPU-дың 80 жылдық мерейтойына орай, оқу үлгерімі жоғары және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ақылы бөлімде оқитын студенттерді ынталандыру, олардың оқу ақысын төлеу арқылы қолдау көрсету мақсатында 4 студентке Күләш Құнантаева атындағы білім гранты тағайындалды.

      Грант иегері атанған  «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Айнұр Бегалиева өзінің қуанышымен бөлісті.

      «Мен бүгін Күләш Құнантайқызы атындағы грантқа ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Бұл – менің білімге деген талпынысымды арттыра түсті. Алдағы уақытта бұдан да жақсы оқуға тырысамын. Осындай мүмкіндік сыйлағандарыңызға алғысым шексіз!», – деді студент.

       

      Бөлісу: