Психологиялық трениг өтті



    • Психологиялық трениг өтті

      10 қазанда Әмірова Кәмшат Қарабекқызы студенттермен «Әлеуметтік медианың эмоцианалды әл-ауқатқа әсері: қалай позитивті болу керек?» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.

      Іс-шара студенттерге қазіргі таңда әл-ауқатқа әсер ететін факторлар – қоршаған орта және әлеуметтік медианың тек пайдалы тұстарын қабылдап, уақыттарын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтті.

      Аталмыш тренигті Менталды денсаулықты дамыту орталығы мен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты ұйымдастырды.

      Тренинг барысында студенттер түрлі эмоциналды жағдайда, тағдыр тосқауылдарына қарсы дұрыс шешімдер қабылдау, өмірдің құндылығын түсіну, жаңа адамдармен қарым-қатынас орнату тақырыптарында өзара ой бөлісіп, кері байланыс жасады.

      Сонымен қатар әрбір адам тұлға ретінде қалыптасу үшін қоршаған ортаның жағымсыз сыртқы әсерлеріне берілмей, өзін-өзі саналы түрде үнемі дамытып отыруы керек екені айтылып,  аңсаған армандарға жету жолында SMART мақсат техникасын қолданудың тиімділігі түсіндірілді.

       

      Бөлісу: