QyzPU-да профессор Хасан Бахардың VisitingScholar бағдарламасы аясында семинары өтті



    • QyzPU-да профессор Хасан Бахардың VisitingScholar бағдарламасы аясында семинары өтті

      Білім ордамызда Селжүк университетініңпрофессоры Хасан Бахар “Шығыс-батыстүріктерінің бөлшектенген тарихы” тақырыбында семинар өткізді.

      Семинар барысында профессор тарихтағыБатыс және Шығыс түріктерінің бөлінуі VII ғасырдан басталып, қазіргі күнге дейін жалғасыпкеле жатқанын атап өтті. Олар тек территориялықтұрғыдан ғана емес, тілдік және этникалықерекшеліктер бойынша да бөлінген. ТарихтағыБатыс түріктеріне оғыздарды, ал Шығыстүріктеріне Түркістан аумағында мекен еткентайпалық бірлестіктерді жатқызды.

      Профессор тарихтағы шапқыншылықтар мен мемлекеттер арасындағы тартыстардың бүгінгікүнгі ортақ тарихымыздағы бөлінулерге әсереткенін атап өтті. Қазіргі уақытта Батыс жәнеШығыс түрік халықтары территориялықтұрғыдан алшақ орналасса да, мәдени және тілдікжағынан бірігуіне ешқандай кедергінің жоқекенін де айтты. Оған мысал ретінде қазіргі ортақәліпби мәселесін келтірді. 

      Сонымен қоса, Батыс және Шығыс түрікхалықтары тарихта рухани байланысын үзбегенінтілге тиек етіп, семинарын Алаш қозғалысыныңқайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың«Алыстағы бауырыма» атты өлең жолдарыменаяқтады. 

      Бөлісу: