Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту
-
03 қазан, 2024
Бүгін QyzPU-да «Әлеуметтік-эмоционалдық оқыту» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Дәрісті Мичиган мемлекеттік университетінің мұғалімдерді оқыту профессоры, WALS қамқоршылар кеңесінің мүшесі Lynn Paine оқыды.
Дәріс барысында Lynn Paine әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың маңыздылығы мен оның білім беру процесіне ықпалы туралы баяндады. Білім берудегі әлеуметтік өзгерістердің рөлі, сондай-ақ теңсіздік пен алуан түрлілік мәселелерін талқылап, қатысушыларға заманауи білім беру тенденциялары туралы құнды ақпарат ұсынды.
Қатысушылар дәрісті жоғары бағалап, әлеуметтік-эмоционалдық оқыту саласындағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы көптеген пайдалы мағлұмат алды. Дәріс білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.
«Әлеуметтік-эмоционалды оқыту – бұл тәрбиелік мектеп бағдарламаларында әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамытуға бағытталған әдіс. Болашақ мұғалім ретінде менің бұл дәрістен түйгенім мол болды. Келешекте мен үшін бұл алған білімімнің пайдасы тиеріне сенімдімін», – дейді филология факультеті, «Екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті Турон Жұмагүл.
Шара соңында студенттер профессорға дәріс бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Бөлісу: