QyzPU Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының жетекшісі Құрмет грамотасымен марапатталды
-
06 қыркүйек, 2024
«Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының» басшысы Салимжанова Айжан жоғары білім және ғылым саласын дамытуға үлес қосып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Грамотаны Басқарма Төрағасы – Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы мен Ғылыми жұмыс жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Даниярұлы табыс етті.
Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы 2000 жылдан бастап қызмет атқарады (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, № 913 бұйрығы, 16 қыркүйек 2000 ж.). Орталықтың негізгі миссиясы пәнаралық ғылыми жобалар мен әлеуметтік бастамалар арқылы гендерлік және әлеуметтік теңдікке ықпал ету. Орталықтың жұмыс жылдары аясында қызметкерлер көптеген ғылыми жобаларды жүзеге асырды, ғылыми мақалалар/кітаптар/әдістемелік құралдар шығарылды, конференциялар/дөңгелек үстелдер/семинарлар өткізілді. Орталық сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарының гендерлік зерттеулермен айналысатын магистранттары мен докторанттары үшін ғылыми тәжірибе базасы болып табылады.
Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, сондай-ақ БҰҰ- Әйелдер ұйымымен ынтымақтасып жұмыс істейді. Бұл ынтымақтастық гендерлік теңдікті ілгерілетуге, отбасылық-демографиялық саясат саласындағы тиімді саясатты әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Университет ұжымы Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының басшысы Салимжанова Айжанға жаңа жетістіктер мен ғылым жолында үздіксіз ізденіс, шығармашылық табыс, зор денсаулық және жаңа бастамаларда табыс тілейді!
Бөлісу: