«Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру» конкурсының жеңімпаздары анықталды



    • «Ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру» конкурсының жеңімпаздары анықталды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің қолданбалы жұмыстарын ғылыми, ғылыми-техникалық және/немесе ішкі қаржыландыруға 12 айға ішкі қаржыландыру бойынша конкурс жарияланған болатын.

      Конкурстың мақсаты – университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін профессорлық-оқытушылық құрамның, жас ғалымдардың және Қоғам қызметкерлерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және қолданбалы қызметін ынталандыру.

      Конкурс шеңберінде келесі грант түрлері бөлінді:

      • Гранттық қаржыландыру – Қоғамда ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ПОҚ мен қызметкерлердің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру.
      • PostDoc қаржыландыру – докторантура бойынша теориялық оқытуды аяқтаған жас ғалымдардың іргелі және (немесе) қолданбалы зерттеулерін қаржыландыру.
      • Development-грант – Қоғамды дамытуға бағытталған педагогикалық ұжым мен қызметкерлердің қолданбалы қызметін қаржыландыру.

      Комиссия отырысының шешімі бойынша конкурсқа келіп түскен өтінімдер жан-жақты қарастырылып, Ережеде көрсетілген бағалау талаптарына сәйкес жеңімпаздар анықталды.

      Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз университетіміздің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз. Алдағы зерттеулеріңізге және жобаларыңызға табыс тілейміз!

       

       

      Бөлісу: