QyzPU - да жөндеу жұмыстары жүргізілуде



    • QyzPU - да жөндеу жұмыстары жүргізілуде

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

      Жөндеу жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: ғимараттың қасбеті, ішкі және сыртқы жұмыстар, сондай-ақ ғимараттың шатырын жөндеу де қарастырылған. Университеттің мәжіліс залы, лабораториялық кабинеттері мен оқу кабинеттері жаңартылу үстінде және университет аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық жатақханада косметикалық жөндеу жұмыстары, кітапханада күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.

      Оқу ғимараттары бойынша жалпы есеппен 4474 м² көлемде жұмыстар жасалды. Ал осы жылдың аяғына дейін жалпы есеппен 21604 м² көлемде жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

      Студенттеріміз жаңа оқу жылында заманауи жабдықталған, жарық, сабақтарды өткізуге қажетті зертханалық құралдар орнатылған кабинеттерде білім алатынын қуана хабарлаймыз.

       

      Бөлісу: