«Бала үшін ең жақсы орын – отбасы» атты бірінші халықаралық форум



    • «Бала үшін ең жақсы орын – отбасы» атты бірінші халықаралық форум

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Бегасильева Салима Аскаркызы Астанада «Ана үйі» қорының ұйымдастыруымен «Бала үшін ең жақсы орын – отбасы» атты бірінші халықаралық форумына қатысты.

      Шараға Гарвард және Питтсбург ғалымдары, үкімет өкілдері, Forbes тізіміндегі бизнесмендер және Түркия, Малайзия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова және Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар жиналды. Форумның басты мақсаты – Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізу.

      Форумға Гарвард университетінің адам дамуы және білім департаментінің профессоры және төрағасы Джунлей Ли мен Питтсбург университетінің профессоры және балаларды дамыту жөніндегі директоры Трейси Ларсон қатысты. Олар қамқорлық органдарының мамандары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілеріне кәсіби патронаттық отбасыларды енгізу және Қазақстандағы балалар үйлерін трансформациялау қажет екеніне назар аударып, шеберлік сабақтарын өткізді.

      Спикерлер «Ана үйі» жобасының Қазақстанда патронаттық отбасылар институтын дамытудағы маңызын атап өтті. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі Бибігүл Асылова да бұл институтты дұрыс іске асырудың мәніне тоқталды. 

      Меценаттар атынан жоба бастамашыларының бірі Айдын Рахымбаев сөз сөйледі.  

      «Ана үйі» қоры 10 мың баланы жетімдіктен құтқарды. Ең қиын сәтте аналарға көмектесу арқылы 7 мың сәбидің өз отбасында қалуына жағдай жасадық. Тағы 3 мыңға жуық бала патронаттық отбасыларға орналастырылды. Балаларымызды қолдау үшін 17 миллион доллардан астам инвестиция салған бизнесмендерімізді мақтан тұтамын. Қазір интернатта 4 мыңға жуық бала қалды. Олардың отбасын табуы үшін мың патронаттық отбасын дайындау қажет. Бұл мақсат бизнесмендерді, мемлекеттік органдарды және қоғамды біріктіруі керек», – деді Айдын Рахымбаев. 

                                                                                                       

       

      Бөлісу: