QyzPU Кәсіби білім беру колледжі түлектеріне диплом табысталды



    • QyzPU Кәсіби білім беру колледжі түлектеріне диплом табысталды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» құрамындағы Кәсіби білім беру колледжі түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.  2023-2024 оқу жылында 146 түлек бітіріп, оның 17 үздік диплом иегері болды. Биылғы оқу жылында колледж 175 грант иеленді.

                                                        

      Диплом табыстау салтанаты студенттік әннің сүйемелдеуімен өткен түлектер шеруімен бастау алды. Іс-шараны Басқарма Төрағасы - Ректор Гүлмира Қанай алғы сөзбен ашып, білім беру ісіндегі ұстаз рөлін айқындай отырып, түлектерге ақ жол тіледі. Сондай-ақ Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы және колледж директоры Ақбөпе Қарабаева жүрекжарды лебіздерін білдірді. Студенттердің орындауында әуезді ән, тамаша би қойылды. Ары қарай сөз кезегі спикер-мотиватор,Алматы қаласы №10 мектеп директоры Удуримова Шара Сабыровна және ата-ана Мырзахметова Багдат Газизовна, бітіруші түлектер - Абдильдина Айсұлу, Батырханқызы Арайлымға берілді.

                                                                                 

      Айта кететін жәйт, еліміздің  білім беру жүйесінде өзіндік дара орны, айрықша беделі  бар, отандық білім берумен ғылымның жарқын үлгісі, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі болған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің іргесінен 2019 жылы  Кәсіби білім беру колледжі қаланды. Колледж алғашқы уақытта университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің жетекшілігімен «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтарын ашып, 41 студент қабылдады.

                                                      

      Бүгінде теория мен тәжірибемен сабақтасқан дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алушылар Алматы қаласының мектептері мен балабақшасында тәжірибеден өтуде. 2022 жылы колледждің алғашқы түлектері дипломдарын қолына алды. 2023 жылы 100 мемлекеттік білім беру грантына иеленді.

                                                                                

      Бүгінде колледждегі білім алушылар саны 400-ге жуық. Оқытушылар құрамы  ғылым кандидаты, магистрлер және аға оқытушылармен толықтырылған. Түлектерімізге ақ жол, нұрлы болашақ тілейміз!

       

      Бөлісу: