QyzPU докторанты Португалиядағы EERA Жазғы мектебіне шақырылды



    • QyzPU докторанты Португалиядағы EERA Жазғы мектебіне шақырылды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты Айгүл Елеусіз Португалиядағы Порту университеті ұйымдастырған EERA Жазғы Мектебіне қатысу үшін таңдалды. Іс-шара тақырыбы: "Еуропадағы білім беру саласындағы зерттеулер: Отарсыздандыру, демократияландыру және дамыту. Мұра және болашақ ".

      Биылғы Жазғы Мектепке 27 елден 68 қатысушы, сондай-ақ 18 халықаралық оқытушы және екі негізгі баяндамашы қатысады. Іс-шара бағдарламасында семинарлар, дөңгелек үстел талқылаулары және  әлеуметтік бағдарлама бар. Айта кететін жәйт, Айгүл Елеусіздің баяндамасы бірнеше ұсыныстардың ішінен іріктеліп алынды. Нәтижесінде оған ғылыми қауымдастыққа қосылуға шақыру қағазы жіберілді. Бұл айтулы жетістік оның білім беру саласындағы зерттеулерді ілгерілетуге және заманауи жаһандық сын-қатерлерге қатысуға деген адалдығын көрсетеді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Айгүл Елеусізді осы айтулы жетістігімен құттықтай отырып, сәттілік тілейді. Аталған шарадан алған білімдері мен жаңа инсайттарды тыңдауды асыға күтеміз!

      Бөлісу: