QyzPU-да «Online Teaching Studio» ашылды



    • QyzPU-да «Online Teaching Studio» ашылды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Online Teaching Studio» ашылды.

      Студияны профессорлар, спикерлер, бизнес-тренерлер және сарапшылар сапалы видеоматериалдарын дайындау үшін пайдалана алады.

      Жаңа интерактивті бейнестудия қашықтан оқытып ғана қоймай, редакторсыз кәсіби деңгейдегі бейне контент жасауға мүмкіндік береді. «EdSmart Premium» құралдарын пайдалану тәсілі қарапайым, жазылған бейне материал қосымша өңдеуді қажет етпейді. Сенсорлық аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің арқасында әртүрлі графикалық және анимациялық эффектілер жасауға болады. Бұл формат интерактивті және нысандарды 3D модельдеу арқылы қашықтан оқытуға мүмкіндік береді.

      «QyzPU профессорлары Coursera Kazakhstan командасымен бірге «EdSmart Premium» инновациялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  материалдарын Coursera әлемдік платформасына жүктей бастайды. Бұл көпфункционалды мультимедиялық бейне студия touchboard технологиясы бар интерактивті гибридті led тақтасын, Lightboard технологиясын, 3D модельдеуді, хромакеймен және телесуфлермен жұмыс істеуді, сондай-ақ скринкаст пен подкастты қолдауды қоса алғанда, озық технологиямен жабдықталған», – деді университет ректоры Гүлмира Қанай.

                                                                                

      Бөлісу: