QyzPU басшылығының профессор-оқытушылар құрамымен есептік кездесуі



    • QyzPU басшылығының профессор-оқытушылар құрамымен есептік кездесуі

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті басшылығының профессор-оқытушылар құрамымен есептік кездесуі өтті. Кездесуді  Басқарма  Төрағасы – Ректор   Гүлмира  Қанай ашып, университеттің жылдық қорытындысы бойынша есеп беріп, жағымды жаңалықтармен бөлісті.

      «Біздің университетімізде биыл тарихи оқиға орын алды. Университетімізге жаңа оқу ғимараты берілді. Барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір ғана адамның емес, басшылықтың ғана емес, осы отырған барша ұжымның арқасы деп білемін. Оқу ғимаратымызда аудиториялар ескі және арнайы кабинеттер жетіспейтін еді. Мемлекетіміздің қолдауымен осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Бұл мемлекеттің бізге деген үлкен сенімі мен үмітінің көрсеткіші. Сол сенімге тұрарлық болуымыз керек»,- деді  Гүлмира Әмірханқызы.

                                                     

      Сондай-ақ Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Еркін Шажаұлы, Академиялық мәселелер  жөніндегі проректор Қымбат Балажанова, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Даниярұлы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы,  Цифрлық офицер Тимур Картбаев ұжымның алдында университеттің бір жылғы  жеткен  жетістіктері  мен  қаржылық есебіне  толықтай  ашық түрде  қорытынды  есеп  берді. Университетіміздің  академиялық, ғылыми, стратегиялық, әлеуметтік саласында жасалаған жұмыстары сараланып, қорытындыланды, алдағы  жылға  жоспарлары таныстырылды. 

                                                                                

      Сондай-ақ университет атынан «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің  төрағасы  Ләззат Махайқызы 20 және 40 жылдан аса жұмыс істеп, QyzPU-дың дамуына үлес қосып келе жатқан қызметкерлерге сауықтыру, емдеу орталықтарына тегін жолдама табысталды. QyzPU-дың 80 жылдық мерейтойына орай университет дамуына қажырлы қайратын жұмсаған, ұзақ жылдар бойы кәсіподақ мүшесі болып келе жатқан қызметкерлерге университет әкімшілігі мен кәсіподағы тарапынан сауықтыру орталықтарына жолдама табыс етілді.

                                                      

      Жиын соңында  Басқарма  Төрағасы - Ректор Гүлмира  Әмірханқызы  университет қызметкерлеріне алғыс білдіріп, келесі оқу жылына жаңа серпінмен, аман-есен қауышуды тіледі.

       

      Бөлісу: