Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары марапатталды



    • Республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары марапатталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ғылыми қызметтегі үздік жетістіктері үшін жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табыс етті.

      Сондай-ақ, Гүлмира Қанай жеңімпаздарға еңбекқорлығы, шығармашылығы және ғылыми қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ жас ғалымдарды шабыттандырып, табысты нәтижелерге жетелейтін ғылыми жетекшілердің рөлінің маңызды екендігін атап өтті.

      Аталған шара жетістіктерді атап өтіп қана қоймай, жас ғалымдардың ғылыми қоғамдастық пен елдің болашағы үшін инновациялық зерттеулерінің маңыздылығын көрсетеді.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы студенттер мен магистранттар арасында ғылыми белсенділікті дамыту, білім алушыларды өзекті мәселелерді зерттеуге және озық шешімдерді әзірлеуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

                                                      

       

      Бөлісу: