QyzPU студенттері Анкара мектептерінде сабақ берді



    • QyzPU студенттері Анкара мектептерінде сабақ берді

      QyzPU-дың Филология факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Алтаева Баян және Тұрлыбек Рахима академиялық ұтқырлық бойынша білім алып  жүрген Гази университетінің  Білім беру факультеті студенттерімен салтанатты оқу бітіру рәсіміне қатысты.

      Студенттердің Гази университетіне жіберілуінің негізгі мақсаты – мұғалім болудың халықаралық тәжірибесін алу.

                                                       

      Студенттер академиялық ұтқырлық бойынша Анкара қаласында Анадолу мектебінде педагогикалық тәжірибеден өтті. 10-сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ беріп, халықаралық деңгейде тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, студенттеріміз Білім беру факультетінің «English in mass communication, Testing and assessment in ELT, Psychological counseling and guidance in schools» сияқты пәндерін үздік аяқтап, жақын арада елге оралатын болады. QyzPU 4 курс студенттері Алтаева Баян және Тұрлыбек Рахиманың халықаралық деңгейде беделді университетте тәжірибе жинақтауы болашақ білімгерлерді дайындауда үлкен септігін тигізе отырып, жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың сапасын арттыруда септігін тигізеді деген сенімдеміз.

                                                                                 

      Студенттерімізді оқуды абыроймен аяқтауларымен құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз!

       

       

       

      Бөлісу: