Технопарк кеңсесі аясында келісім шарт жасалды
-
24 маусым, 2024
Баку Еуразия университетінде өткен ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиум іс – шарасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир университеті арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ашылған Технопарк кеңсесінде келісім шарт жасалынды.
Келісім шарттың мақсаты – стартап-жобаларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Хакатон өткізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Жоғарыда аталған мақсаттар шеңберінде тараптар келесі бағыттар бойынша төмендегідей бағыттар жүзеге асырылады.
Университет тарапынан қойылатын міндеттер:
- Бағдарламаға қатысу үшін студенттік стартаптарды ұсыну;
- Акселерациялық бағдарламаны жүргізу процесін ұйымдастыру және үйлестіру;
- Студенттердің Хакатонға қатысуы үшін қажетті ресурстар мен қолдау көрсету.
Технопарктің міндеттері:
- Студенттік стартаптардың жобаларына сараптама жүргізу;
- Бағдарламаға қатысушыларға менторлық қолдау мен консультацияларды қамтамасыз ету;
- Студенттер үшін Хакатон өткізуді ұйымдастырушылық қолдау.
Бөлісу: