QyzPU оқытушысы  «Білім беру саласының үздік педагогі-2024» байқауының жеңімпазы



    • QyzPU оқытушысы  «Білім беру саласының үздік педагогі-2024» байқауының жеңімпазы

      ҚР «Bilim-òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Əділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Білім беру саласының үздік педагогі-2024» атты республикалық байқауы өтті.

      QyzPU-дың Жаратылыстану институты Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Аргынбаева Зауре Музировна байқауға қатысып, жеңімпаз атанды.

      Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтары арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау.  Байқауға мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО мен колледж оқытушылары қатысу мүмкіндігіне ие.

      Зауре Аргынбаеваны осы маңызды жетістігімен құттықтай отырып, толағай табыстар  тілейміз!

      Бөлісу: