QyzPU профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ағайша Исағұлова атындағы I-ші Халықаралық сырнайшы-әншілер   байқауының жеңімпазы



    • QyzPU профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ағайша Исағұлова атындағы I-ші Халықаралық сырнайшы-әншілер   байқауының жеңімпазы

      Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында  QyzPU профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ағайша Исағұлова атындағы I-ші Халықаралық сырнайшы-әншілер  байқауы өтті.

      Байқау жұмысы  екі кезең бойынша өткізілді. 1 кезеңде қатысушылар халық әндерінен бір туынды, халық композиторларының немесе  Қазақстан композиторларының шығармаларынан бір ән орындады. Байқаудың 2 кезеңі Астана қаласында өтті. Қатысушылар халық әндерінен бір туынды, халық композиторларының немесе  Қазақстан композиторларының шығармаларынан бір ән, заманауи композиторлар туындыларынан бір ән орындады.

                                                    

      Байқауға Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Өскемен, Семей,  Орал және Астана қаласынан өнерпаздар бақ сынады. Сондай-ақ Өзбекстан, Татарстан, Қытай Халық Республикасынан талантты өнерпаздар келді.

      Халықаралық сырнайшы-әншілер   байқауының гала концертінде Ағайша Исағұлованың қатысуымен лауреаттарды марапаттады. Нәтижесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің хореография және арт менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, магистр  Жалғасбаева Қанағат Баймұраққызы жүлделі 1 орынды иеленді.

                                                                                 

      Бас жүлдені Тлеубеков Асет Тлекұлы (Астана қаласы), 2- орынды Кисатаева Салтанат Тасболатқызы (Павлодар қаласы) және Ақмарал Ноғайбаева (Қызылорда қаласы), 3- орынды Мергенов Амандык Нариманович (БҚО. Сырым ауданы Аралтөбе ауылы) және Таспамбетова Інжу (Астана қаласы) иеленді.

      Қанағат Баймұраққызын университет атынан шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен табыстар тілейміз!

      Бөлісу: