QyzPU студенттері Республикалық студенттер лигасында жеңімпаз атанды



    • QyzPU студенттері Республикалық студенттер лигасында жеңімпаз атанды

      Астана қаласында өткен Республикалық студенттер лигасының финалы аяқталды.  Финалға ҚР төрт өңірінен 42 жоғарғы оқу орнынан спортшылар қатысты.

      Аталған лигаға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Педагогика және психология институтының Дене шынықтыру және спорт  мамандығының студенттері командалық және жеке біріншілікте бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

      Педагогика және психология институтының Дене шынықтыру және спорт  мамандығының 2 курс студенті Сарвиноз Саидмуратханова үстел теннисінен жеке біріншілікте (17 ЖОО ішінен) алтын медальді иеленді. Ал жалпы командалық есепте 1 курс студенттері Жанар Қуатова, Аида Усипбаева, 2 курс студенттері Музайян  Сайдикаримова, Сарвиноз  Саидмуратханова 4 күміс медаль жеңіп алды. Жаттықтырушысы- КСРО спорт шебері, аға оқытушы Алла Брониславовна Кухаренко.

                                                                                

      Ал қазақша күрестен Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс студенті  Бақытгүл Кенжебекова қола медаль иегері атанды.Жаттықтырушысы- Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Сұлтанбайұлы Успанов.

      Жүзуден әйелдер эстафетасында Айша Ракишева, Нұрай Ибраева, Аружан Құлбекова, Ақбота Дәулетхан күміс жүлдеге ие болды. Эстафетада ( әр түрлі стильде ) Гүлмира Алибай, Айша Ракишева, Аружан Құлбекова, Дана Амангелді  қола жүлдеге ие болды. Жаттықтырушысы - Дене шынықтыру және спорт кафедрасы жетекшісі Әлия Керімбекқызы Есельбаева.

      Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

       

      Бөлісу: