Генетикалық аспектілер мен жауапкершілік жайлы дәріс өтті



    • Генетикалық аспектілер мен жауапкершілік жайлы дәріс өтті

      Университетіміздің Тұлға қалыптастыру департаменті Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында жауапкершілікті мінез-құлық. Қалаусыз жүктіліктен қорғану» тақырыбында дәріс өтті.

                                                   

      Аталған іс-шара Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы меморандумды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Дәрісті «Қалалық адам ұрпағын өрбіту» орталығының қызметкері, жоғары санатты гинеколог дәрігер Н.Райымбекова жүргізіп, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-2-курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында ғылыми генетикалық аспектілеріне ерекше назар аударып, бүгінгі күннің генетикалық тест ақпараттарымен бөлісті.

                                                                                

      Сонымен қатар, қатысушылар молекулярлық биологияның соңғы жетістіктерімен, ауыр тұқым қуалайтын аурулар кезінде жүктілікке және дені сау баланың дүниеге келуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялармен және «Қалаусыз жүктілікті алдын-алу», «Контрацепция әдістері» тақырыбында кең ауқымды мәліметтермен танысты. Бұл іс-шара құнды ақпаратқа толы болды және қатысушыларға репродукциядағы жаңа технологиялар, ана болудың заманауи тәсілдері туралы маңызды деректер айтылды.

       

      Бөлісу: