Дана  Құралбаеваның шығармашылық кеші



    • Дана  Құралбаеваның шығармашылық кеші

      Жастар саясаты орталығы мен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен Дана Құралбаеваның шығармашылық кеші өтті.

                                                   

      Дана Құралбаева -  Халықаралық байқаулардың лауреаты, креативті жас талант, өнер майталманы, "Қыз Жібек" клубының белсендісі, «6В01404» - Кәсіптік және кәсіпкерлік білім мамандығының 2 курс студенті.

                                                                                  

      Қолөнер түрлері туындыларынан жалықпай, құмарта жасайтын өте еңбекқор, талғампаз және креативті талант иесі. Жастайынан ерекше сырлы бояу сырларымен қатар музыкалық аспаптарда да құйқылжыта ойнайтын өнерпаз. Жұмыстары Париж, Америка, Дубай, Ресей сынды көптеген алыс-жақын шетелдерде жоғары бағаланып, жеңімпаз атанған.

                                                   

      Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы тұсаукесер рәсімін ашып, құттықтау лебізін жеткізді. Ерекше қабілеттерін жоғары бағалады. Кеште Дананы аталған өнер түрлеріне баулыған жетекші тәлімгерлері Қазақстан суретшілер қоғамының мүшелері Лидия Дроздова, Марат Тұрғымбай, визуалды өнерге баулыған Кулмария Ауелхановна, Дарменова Рахия Абдрашетовна, Рахметова Нурзия Байтукешовна, Крыкбаева Сара Мукашевна, Марлен Нысанбаев сынды көптеген тұлғалар қатысты. Сүйікті кәсібінің майталманы болған жас дарын иесіне алдағы уақытта да толайым жетістіктер мен биік белестерді бағындыруын тіледі. Әрқашан қолдау көрсететін анасына алғыс айтып, шара көнцерттік бағдарламамен жалғасты. Құрметті қонақтар мен тәлімгер ұстаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

       

      Бөлісу: