Әйелдер арасындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту



    • Әйелдер арасындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту

      Қызылорда және Шымкент қалаларында «TECHNOWOMEN: KEYS TO SUCCEED» аймақтық Форумы өтті.

      Іс-шараның мақсаты: қыздарды технология саласына тартуға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру, әйелдерді цифрлық трансформация және электронды коммерция, сондай-ақ стартап қозғалысы мәселелері бойынша ақпараттандыру.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті атынан «Әйелдер арасындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту: жаңа мүмкіндіктерді ашу» тақырыбымен Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Беккалиева Гульзира Магзумовна баяндама оқыды.

      Ол өз сөзінде әйелдер арасында көшбасшылық дағдыларды дамыту – бұл әйелдердің өздері де, қоғам мен ұйымдар тарапынан да күш-жігерді талап ететін көп қырлы процесс екенін атап өтті. Білім беру, тәлімгерлік, желілер және корпоративтік бастамалар арқылы қолдау әйелдердің өз әлеуетін іске асыруы және бизнес пен қоғамның дамуына елеулі үлес қосуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Шара әрбір қатысушыға соңғы технология трендтері туралы ақпарат алып, кәсіби дағдыларын дамытуға, жетекші сарапшылардың пікірлерін тыңдауға және ақпараттық технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді.

      Бөлісу: